1. Нәпсі аммара: Ең жаман нәпсі. Жамандыққа бұйырады жақсылықтан алыстатады. Деңгейі төмен, жаман мінез-құлықтың иесі, адам ақылын аздырады. Алланың берген нығметін бұзық жолға жұмсайды. Адам денесін шектен шыққан шаһуатқа итермелейді. Жаман мінезді, әдепсіздікті көтермелейді. Адам рухын жоғарыдан төменге тартады.
2. Нәпсі масғулия: Алла құдірет берді. Ақ-қараны ажырату үшін ақыл, сөйлеу үшін тіл берді. Ақылмен ойлап ой жүгіртсе, тура жолға бастайды. Жаман нәпсісін жеңіп, ақиқаттың артынан ергісі келеді. Сосын нәпсісінің айтқанына қайта ереді. Әділдік арқылы жақсылықты бекіткісі келеді. Сол себепті, жамандықтан қашып, тақуалыққа ден қоюды ауырсынады.
3. Нәпсі ләуамә: Ерекше зерек шариғат амалына бойұсынушы. Көпшілікпен бірге болып, халықтың қажетін өтеуші. Ата-анадан жақсы тәрбие алған. Жаман жолдан нәпсісін жеңген. Алладан қорқушы, оның бұйырғанына бойұсынушы. Жүрек нұр шапағатқа бөленсе, пайдалы жақсы жаққа өзгереді.
4. Нәпсі мутмайнна: Ол көркем мінез-құлықтың иесі. Толық иманды болған мүмінге Алла разы болады. Нәпсінің бұл дәрежесіндегі адам қолымен де, тілімен де жақсылық істеуге дайын тұрады. Ниеті мен ықыласы шынайы. Қараңғылықтан нұрға шығарады. Жүрек толық нұрланса, барлық дене нұр-шапағатқа бөленеді. Шариғат үкімі жүрекке орнайды. Нәпсі денесінде орналасқан. Нәпсі жақсы болса, алғаның жақсы болады. Нәпсі жаман болса, алғаның жаман болады. Жаман нәпсімен күресу – шариғат жолының алғашқы бастамасы. Тәкәппарлықты тастау, күншілдік, көреалмаушылықты болдырмау – жақсы нәпсі. Бұл – Раббымыздың нұрлы жолына апаратын тура жол.