Таң намазын оқыған адам, түні бойы құлшылық жасағанмен тең.
Осман ибн Аффан (Аллаһ оған разы болсын) былай деп куәлік етеді: Мен Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен салемі болсын) былай айтқанын естідім: «Кім, кұптан намазын жамағатпен бірге оқыса, онда ол түннің тең жартысын құлшылықпен өткізгендей болады, ал таң намазын жамағатпен бірге оқыған адам түні бойы құлшылық жасағанмен тең». ("Сахих Муслим", 260/656 ).
Таң намазын оқыған адам Аллаһтың қамқорлығында болады.
Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен салемі болсын): «Таң намазын оқыған адам Аллаһтың панасында болады және Аллаһ ол үшін еш нәрсе талап етпейді»- деген. ("Сахих Муслим", 261/657)
Таң намазын оқу – бүкіл әлемнің байлығын қолыңа ұстағаннан артық.
Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен салемі болсын) :" Таң намазының екі ракағаты (сүннеті) бүкіл әлем мен оның ішіндегі бар байлықтан артық"-деген. («Сахих Муслим», 96/725).
Таң намазын оқыған адамға періштелер куәлік етеді.
Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен салемі болсын):" Сендерге түнде бір періштелер, күндіз бір періштелер алмасып келіп тұрады. Олар таң намазы мен аср намазында жиналып, сендермен түнде бірге болғандары (көкке) көтеріледі. Сонда (Аллаһ) Өзі жақсы біліп тұрса да олардан: «Пенделерімді қандай жағдайда тастап келдіңдер?»—деп сұрайды. Олар: «Біз оларды намаз оқып жатқандарында тастап келдік, сондай-ақ олар біз оларға барғанымызда да намаз оқып жатыр еді»,—деседі»,—деген. «Сахих Аль-Бухари», 530)
Таң намазын оқыған кісіні Аллаһ Тағала жарылқайды және оған береке сыйлайды.
Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен салемі болсын) өзі Аллаһқа жалбарынып: " Уа Аллаһ, үмметімнің таңын игі (берекелі) ете гөр", - дейтін. (Суннан ат - Тирмизи).