https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Оразаның әдептері

12 May 2016 0 comment Оқылды: 2131 рет

 

«Әдеп» араб сөзінен шыққан. Тілдік мағынасы: Көркем мінез, жүріс – тұрыс, тәрбие, сыпайылық ұғымдарын қамтиды. Мысалы: «Әдеп – көркем мінезді кемеліне жеткізе білу деп айтқан ғалымдарда бар. Ең алдымен ниетке тоқтасақ қай ғибадат түрі болсын ниетті дұрыстап алуымыз керек. Пайғамбарымыз хадисте: «Шын мәнінде, амалдар тек қана ниетке байланысты»,- деп  айтылғандай, кез келген амал ниетпен өлшенеді. Құлшылық мәселесінде мұсылман адамның ниетін жаңартып тұруы маңызды. Ислам дініндегі қандай да құрмет тұтылған айға кіргенімізде өзімізге «қандай жақсылық амалдар жасауыма болады» деген сұрақ қойып, шамам келеді деген амалдарды тізіп, іске асыруды шынайы түрде ниеттенгеніміз жөн. Ислам дініндегі әр құлшылықтың өзіне тән әдептері бар соның ішінде оразының әдептеріне тоқтасақ. Имам Муслим Әнәс ибн Мәликтен (р.а.) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз : فمن رغب عن سنتي فليس مني

«Сүннетімне бас тартқан менен емес», - десе, Айша анамыз (р.әнһә)  риуаят еткен хадисте: من عمل عملا ليس عليه امرنا فهو رد

«Біз бұйырмаған нәрсені істегеннің ісі қабыл емес», - деген. Ғалымдар бұл хадистің ұғымына қатысты: «Бұл хадистегі «қабыл емес» сөзі «батыл» , «есепке алынбайды» дегенді білдірсе, хадистің өзі Исламның елеулі қағидасына жатады. Өйткені бұл сөзінде Пайғамбарымыздың барлық өсиетін қамтып, әрбір дінбұзарлық істі жоққа шығарады. Демек, істеген құлшылығымыз, соның ішінде оразамыз қабыл болуының бірден – бір жолы – барлық амалдарымызды Пайғамбарымыздың сүннетіне сай істеуіміз керек екен. Алла тағала Құрани Кәримде «Ниса» сүресінің 80 аятында:

مَّنْ يُطِعِ الرَّسُولَ فَقَدْ أَطَاعَ اللّهَ

«Пайғамбарға бойсұнған, Алла Тағалаға бойсұнған болады», - деген. Жаратушы Ие Өзінің әміріне бойсұнған пендесін жәннәтпен жарылқай ма әлде, тозақпен жазалай ма? Демек, әрбір ісімізді Пайғамбарымыздың сүннетіне сай істесек: Біріншіден сүннетке сай амал істеген, екіншіден: Хақ Тағалаға бойсұнған боламыз. Осының нәтижесінде амалдарымыз қабыл болып, Жаратушы иенің разылыына лайық болсақ ғажап емес. Ораза осы айтылғаннан тыс емес. Сондықтан да оразамыз қабыл болсын десек, парыз ,уәжіп амалдардан тыс оразаның мұстахабтарына жататын мына амалдарға ерекше көңіл бөлген жөн болар:

Біріншісі: Алла Тағаланың: «Менің ең жақын көретін құлдарым – ауыз ашуға асығатындары», - дегеніне сай, күн батқаннан кейін ауыз ашуды  кешіктірмеу. Бұл істің артықшылығына қатысты Расулуллаһ : «Ауыз ашуды кешіктірмеумен адамдардың амандыққа кенелуі жалғасады», - деген. Әбу Ътыййа (р.а.) айтады: «Мен және Масрұқ (р.а.) екуміз Айшаға (р.әнһә.) кірдік. Масрұқ (р.а.) : «Расулуллаһтың  екі сахабасы жақсы іске алаңдайды. Олардың бірі ақшам намазымен ауыз ашуды кешіктіреді», - дегенде, Айшаға (р.әнһә.): «Ақшам намазымен ауыз ашуға кім асығады?», - деп сұрады.

-      Абдуллаһ ибн Масғұд (р.а.).

-      Расулуллаһ солай істейтін», деп жауап берген еді.

Екіншісі: Пайғамбар : «Оразасын ашатындарың аузын құрмамен ашсын. Себебі, құрма берекет (Имам Әт – Тоййиби айтады: «Өйткені құрмамен ауыз ашуда мол сауап пен берекет бар». Құрманың мынандай қасиеті бар: Адам құрмамен ауыз ашқанда, құрма асқазан қыртыстарында қалып кеткен тамақтың қалдықтарын тазалайды». Құрма таппаса, сумен ашсын. Өйткені су пәк нәрсе», - дегеніне сай, ауызды құрмамен ашу. Әнәс ибн Мәлик (р.а.) айтады: «Пайғамбар намаз оқудың алдын аузын жаңа құрмамен ашатын. Жаңа үзілген құрма болмаса, кептірілген құрмамен ашатын. Ол да болмаса, бірнеше ұрттам су  ішетін». Имам Ибн Әл – Қоййим айтады: «Ауызды сумен ашудың қолайлылығы мынада: ораза асқазанды босатқаннан кейін, бауыр денеден қоректене бастайды. Бұл өз кезегінде дененің қуаттылығына әсерін тигізеді. Осы себептен оразаны жаңа үзілген құрмамен ашқаннан қолайлы жолы жоқ. Ол да болмаса сумен ашқан жөн. Себебеі су асқазанда сусындатып, оразаның қызуын басады. Әрі асқазанды ас қабылдауға әзірлейді.

Үшінші: Хадисте келгендей «Ораза ұстаған адамның ауыз ашар сәтіндегі дұғасы қабыл» ауыз ашар сәтте көп дұға қылу керек баршамызға елімізге, жерімізге, туған – туыс, барша мұсылмандарға.

Төртінші: Алла тарапынан түскен Құранды көп оқуымыз керек, оразаның ләззаты Құран оқумен болады.

Бесінші: Мұқтаж жандарға қол ұшын сосып, тамақтандыру, материалдық жағдайына көмек беру.

Қорыта айтқанда шариғаттағы әр құлшылықты өзінің әдебіне сай орындасақ Алла Тағала тарапынан көптеген сансыз сауапқа кенелетініміз сөзсіз, Алла Тағала баршамызға қасиетті Рамазан айына амандықпен  жетіп, оразамызды шынайы ниетпен ұстап, қияметте Раян атты жаннат есігінен кіретін құлдардан болуды нәсіп етсін, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын Әмин!

Талдықорған өңірі, Еркін ауылдық мешітінің бас имамы Медетбеков Аман

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз