Осы біз күнделікті құлшылығымызды әдетке айналдырып алған жоқпыз ба?
Шынында-ақ, қазіргі таңда ниетіміз бен ойымыз құлшылықта емес, осы өмірдің күйбеңімен әуреленіп кеттік.
Адам ұйықтар алдында «мен намазға тұрайын» деп ниет етсе, сол ниеті үшін сауап алады, яғни Аллаға құлшылық жасап жатыр деген сөз.
Ғалымдарымыз бұл жайында былай деген: «Біз, мұсылмандар әдеттерімізді ғибадатқа айналдыруымыз керек, ғибадатымызды әдетке емес».
Мұсылман әр намазын шын жүрекпен ниеттеніп, хушуғ жасап сезімімен (ықыласпен) оқыса – құлшылық болмақ, егер «намаздың уақыты келіп қалыпты» деп ешқандай ниетсіз оқыса, сөзсіз, құлшылықты әдетке айналдырғаны.
Күнделікті істеген ісімізде Алла үшін ниет болмаса оның бізге ешқандай сауабы жоқ. Сол үшін әдетімізді құлшылыққа айналдырайық.