1. Ғаммар ұлы Ясир (Алла оған разы болсын): Хазрет Пайғамбарымыз( Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай бұйырған:« Көркем мінез, Алланың мінезі. Ал Алланың ұлы мінезі: жұмсақтық,сабыр, айыптарды жасыру және құлдары тарапынан істелген кінәнің жазасын кешіктіру тәрізді үстем сипаттар».
2. Мәлик (Алла оған разы болсын): Хазрет Пайғамбарымыз ( Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген : « Мен көркем мінездерді толықтастыру үшін жіберілдім» -дегенін естіген екен.
3. Айша (Алла оған разы болсын): Хазрет Пайғамбарымыз ( Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай айтты: «Әй Алла Жаратылысымды көркем еткенің сияқты мінезімді де көркем ет!» -деп дұға ететінді деді.
4. Әбул Умәмә (Алла оған разы болсын): Хазрет Пайғамбарымыз ( Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: « Мен хақылы бола тұрып та, яғни өзінікі жөн болғанда да тартысуды қойған кісі үшін жаннаттың ауласында бір сарай және қалжың да болса, өтірік айтудан бас тартқан кісі үшін жаннаттың ортасында бір сарай және де мінезі көркем болған кісі үшін жаннаттың ең биік жерінде бір сарай берілуіне кепілмін»-деді.
5. Cәмған ұлы Нәууәс (Алла оған разы болсын): Хазрет Пайғамбарымыз( Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жақсылық және күнә жайында сұрағанымда: « Жақсылық көркем мінез. Ал күнә, ұжданыңды рахатсыз еткен, ішіңе сақтаған, басқаның естуін қаламаған нәрсе ғой»,- деді.
6. Әбузар (Алла оған разы болсын): Хазрет Пайғамбарымыз ( Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Әбузарға:«Я Әбузар! Не ұқыптылық сияқты ақыл, не харамнан сақтану сияқты тақуалық, сондай-ақ көркем мінез сияқты майталмандық болмайды.»-депті.
7. Ғабдұлла ұлы Жәбір (Алла оған разы болсын): Хазрет Пайғамбарымыз ( Алланың игілігі мен сәлемі болсын) -ға жәбірейіл: Алла тағаланың былай дегенін хабарлапты: «Шын мәнінде бұл Ислам діні мен разы болған бір дін. Оған жомарттық және көркем мінез жарасады. Бұл дінге ие болған мезгілдерің бойынша жомарттық пен көркем мінезді құрметтеңдер. Басқаша айтқанда Ислам дінін жомарттық және көркем мінез арқылы қуаттаңдар»-деген екен.
8. Әбу Һұрәйрә (Алла оған разы болсын): Хазрет Пайғамбарымыз ( Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай бұйырды: Аллаһ тағала Ибраһим ‘аләйһиссәләмға былай деген: « Досым! Кәпірлерге болса да мінезіңді көркемдестір, игі жақсылардың жолына кіресің. Мінезін көркемдестірген кісіні ғаршымның астына көлеңкелетіп, жаннат суларымнан ішкізетінімді және оны маңайыма жақындататынымды уәде етемін».
9. Әнас (Алла оған разы болсын) айтты: Хазрет Пайғамбарымыз ( Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Әбузармен кездесті де: «Я Әбузар! Саған басқаларына қарағанда жүкте жеңіл, таразыда ауыр екі сипаттан өсиет етейін бе?»-деді. Әбузар: «Әрине, я расулаллаһ!»деді. Хазрет пайғамбар ‘аләйһиссәләм: «Жақсы мінезді болуға ұқыпты бол және үнемі ауызыңды бақ. Жаным құдырет қолында болған Аллаһ тағалаға ант етемін. Әлеумет бұлар тәрізді ғамал істемеген»-деп бұйырды.
Алакөл ауданы Үшарал қалалық
мешітінің имамы: Серік Шәріп