Дін мен мемлекеттің ара-қатынасы әдетте діни ұйымдар мен мемлекеттік органдардың қарым-қатынастарына айтылады. Мемлекет дегеніміз ұйымдасқан қоғам, ал ешбір қоғам дінсіз болмайтыны белгілі. Дін дегеніміз адами сана мен қоғамдық сананы ажырататын құндылық.. Яғни дінді адамсыз, адамды имансыз елестету мүмкін емес. Сондықтан да, екеуі ұдайы бір-бірімен қарым-қатынаста болатыны белгілі. Себебі, бұл елдің діндар болып кетуін көрсетпейді. Сондықтан, біз көтеріп отырған дін және зайырлы қоғам тақырыбы әрдайым бір-бірімен астарласып жататын, бір-бірінсіз өмір сүре алмайтын құбылысқа айналған. Қазіргі кезде әлем елдерінің көпшілігі зайырлы мемлекет болып табылады бірақ бәрінің өз діндері бар,және олар дәстүрлі өз діндеріне басымдық беріп, көңіл бөледі, шектеу жасалмайды. Заң бойынша да белгілі бір деңгейде ерекшеліктер беріледі. Кей мемлекеттерде Ислам деген секілді дінін ресми мойындалған. Ал, аз таралған немесе мойындалмаған діндерге БАҚ-қа, мемлекеттік ұйымдарға кіруе шектеулер қойылады. Алайда, азаматтарға өзі қалаған дінді ұстануға мүмкіндік береді.. Соңғы кездерде мемлекет дін мәселесіне көңіл аударуда.«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңда» Әбу-Ханифа бағытындағы ислам діні мен Православиялық христиан дінін халқымыздың рухани-мәдени дамуына үлес қосқан деп көрсетілген. Яғни дін мемлекеттен бөлектенгенмен қоғамнан ешуақытта алыстатылмайды. Ислам дінінде дін мемлекеттен бөлек деген ұстаным жоқ. Біздің қоғамның 70% мұсылмандар болса, Қазақстанда екі жарым мыңдай мешіттер бар,сондықтан елімізде жарқын діни жүйе қалыптасып келеді. Бір анық жайт, мемлекет еш уақытта дінге көз жұмып қарай алмайды. Өйткені, ел азаматтары – мемлекеттің басты құндылығы. Және азаматтарының рухани көзқарастары да маңызды Қазақстандағы дін тақырыбы тәуелсіздік жылдарынан бері қордаланып келе жатқан мәселе.. Қазіргі кезде елімізде екі қауіп байқалады: біріншісі радикалды ислами бағыттардың күшеюі, екіншісі протестанттық ағымдардың күшеюі. Қазіргі ақпарат құралдарының нәтижесінде тек ислам терроризм дегенге назар аударып, протестанттық бағыттағы ағымдарды мүлде ұмыт қалдырды. Бұл біздің мемлекеттілігімізге төндіріп тұрған негізгі қауіп. Өйткені, олардың діні де, тілі де, ділі де, көздеген мақсаттары да бөлек. Олар біздің еліміздің мүддесі үшін жұмыс істеп отырған жоқ, өз идеологияларын жүзеге асыруға талпынуда.. Əркім азаматтарымызды өзге дінге жетектеп кете берсе, айналдырған 17 миллион халықпыз, өз ішімізден бүлініп бітеміз ғой. Сондықтан, барлық жағынан абай болу керек. – Сан ғасырлар қалыптасқан əдет-ғұрпымыздан алшақтаудың соңы келеңсіздіктерге əкелуі мүмкін. Жүрегімізді ауыртатыны да осы. Жас буынның бойына білім мен тəлім тəрбиемен қатар діни тәрбие де берілуі керек. Ұлттық əдет-ғұрып сіңірілуі керек. Балабақша мен мектептен бастап осы нəрселердің санасына құйсақ, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді үйретсек, олар өзге діннің жетегінде кетпес еді.Біздің елімізді, қоғамды дамыта алатын Ислам діні екені анық. Сондықтан, Негізгі ұстанған бағытымыз туралы Елбасы жиі айтады, яғни, біздің тегіміз – Түрік, кітабымыз – Құран, дініміз – Ислам деді емес пе.Жалпы ислам дінінің басты мақсаты -Бәрі Алла үшін делінеді. Бірақ оның астарында адам үшін екенін ұғумыз керек. Осы тұрғыдан алып қарағанда мемлекетті құрайтын жеке адам болса, жеке адамға ар-ұждан бостандығы берілуімен қатар, Исламда бассыздыққа жол берілмейді. Кез-келген азамат өз қалауымен дінді ұстауға құқылы, бірақ мемлекет оны бақылауда ұстауға мүдделі.
Көксу аудандық «Балпық би» мешітінің
бас имамы Еділбек ЕРІМБЕТ