https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Сені жамағат намазына асықтыратын 7 сүйінші

09 Oct 2015 0 comment Оқылды: 3544 рет

Намаз –  адамды арсыздық пен жамандықтан тыйып, екі дүние бақытын сыйлайтын, дұға-тілектің қабыл болуына көпір болып, мүміннің дәрежесін көтеретін, жүзін нұрлы, жүрегін жұмсақ ететін ҰЛЫ НЫҒМЕТ.

Ал жамағат намазы – өне бойына түрлі хикметті жиған, ислам діні аса үлкен маңыздылық танытқан, адамға түрлі игіліктерді, еселенген сауаптарды сыйлайтын Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннеті.

 Әрі бұл – Алла сүйетін амал. Ғалымдар «Әрі намазды (барлық шарттарын сақтап, беріле) толық орындаңдар, зекетті беріңдер және рукуғ етушілермен бірге рукуғ етіңдер» («Бақара» сүресі, 42-аят) деген аяттағы «рукуғ етушілермен рукуғ етіңдер» дегенді Алланың құлдарын жамағат намазға бұйырғаны деген.

Жамағат намаз туралы көп сөз айтудың орны жоқ, мұсылман оны әрдайым орындайтын болса, қаншалықты пайдалы, құнды екендігін тілсіз-ақ түсінер еді...

1.ЖАМАҒАТ НАМАЗЫ – ҮЙДЕ ОҚЫЛҒАН НАМАЗДАН ЖИЫРМА ДӘРЕЖЕ ЖОҒАРЫ әрі періштелер жамағатпен намаз оқыған адам үшін кешірім сұрайды, тіпті, ол намаз оқымай, күткені үшін де сауапқа ие болады!

«Адамның жамағатпен оқыған намазы, үйінде, не базарда оқыған намазынан жиырма дәреже жоғары. Өйткені мұсылмандардың кез келгені, дұрыстап дәрет алса, ал одан кейін мешітке тек қана намаз оқу ниетімен ғана, одан басқа ешбір ниетпен келмеген болса, онда ол мешітке кіргенге дейінгі әр қадамы үшін міндетті түрде бір дәреже көтеріледі және одан кішігірім бір күнәдан түсіп отырады. Ол мешітке кіргеннен кейін, егер де ол онда тек қана намаз үшін қалса, онда ол сол жердегі болған барлық уақытында намаз үстінде болған есептеледі (ол кісі намаз оқымаса да, намаз күткені үшін) және періштелер, намаз орнында болған кез-келгенің үшін былай: «Я, Алла, оған рахым көрсет, я, Алла, кешір оны, я, Алла оның тәубесін қабыл ал!», - деп жалбарынады және бұл жағдай, ол үшін, сол жерде ешкімді ренжітпегенше және дәреті бұзлмағанша жалғасады (Бұхари, Муслим). 

Басқа хадисте: «Жамағатпен оқылған намаз, жалғыз оқылған намаздан жиырма жеті саты жоғары» делінген (Бұхари, Муслим).

2. ЖАМАҒАТ НАМАЗҒА ЖҮРГЕН ЖОЛЫҢДЫ ЕСЕПТЕ!

 

Адамның үйі мешіттен алыс болған сайын жамағат намазына қатысушының сауабы арта түседі.

Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Мединеде бір адам тұратын, мен ол адамнан мешіттен алыс тұратын адамды білмейтінмін. Бірақ, ол соған қарамай мешітте жамағатпен оқылатын бірде-бір намазды жібермейтін. Бірде мен оған: «Сен өзіңе түнде жүруің үшін және ыстық жермен жұрмеуің үшін бір есек алсаң еді!», - дедім. Сонда ол маған жауап ретінде: «Менің үйім мешіттің жанында болса, мен оған қуанбас едім. Расында, менің үйден мешітке және мешіттен үйге жүргенімнің жазылуын қалаймын!», - деді. Сол кезде Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Алла саған (сауабыңды) толығымен жинап қойды!», - деді. (Муслим)

 Бұл хадистің басқа нұсқасында Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны келтіріледі: «Ақиқат, саған сенің үміттенгенің беріледі».

Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Адамдардың намаздан ең көп сауап алатыны – олардың алысы; алыстан жаяу келгені, ал имаммен оқу үшін намазды күтіп отырған (адам)ның намаз оқып, сосын ұйықтаған (кісі)ден сауабы көбірек» деген (Бұхари).

 3. «ЕГЕР СЕН МҰНЫҢ ҚАДІРІН БІЛСЕҢ...»

«Егер адамдар азан шақырғанның және намазда бірінші сапта тұрғанның қадірін білсе еді, онда кім азан шақырып, кім бірінші сапқа тұратындығын шешуге садақтың оғымен жеребе тартқаннан басқа жол таппаса, соны істер еді! Егер олар намазға бірінші келгеннің сауабын білсе еді, онда олар оған келуге жарысар еді! Егер олар жамағатпен оқылған таң намазы мен түнгі намазға қатынасудың сауабын білсе еді, онда оған қатынасу үшін мешітке еңбектеп болса да міндетті түрде келер еді!» (Бұхари, Муслим).

4. ЗАҒИП ТА ЖАМАҒАТ НАМАЗЫНА ҚАТЫСУҒА БҰЙЫРЫЛҒАН!

Бірде Алла елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) соқыр адам келіп: «Я, Алла Елшісі, мені мешітке апаратын жетектеушім жоқ!», - деді. Сонда Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оған үйде намаз оқуға рұқсат берді де, ол қайта орала бастаған кезде, Пайғамбар оған: «Сен азан даусын естисің бе?», - деп сұрады. Ол: «Иә» - деді, сонда Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Онда оған жауап бер!», - деді. (Муслим)

5. ЖАМАҒАТ НАМАЗЫНАН ШАЙТАНДАР АЛЫС БОЛАДЫ!

Жамағат намазының негізгі даналықтарының бірі –  мұсылмандарды бірлікте, ұйымшылдықта ұстау. Өйткені, ислам діні жеке бастың күйін күйттемейді.

Жамағатта болу шайтанның үрейін туғызады әрі Алланың ризашылығына жеткізеді. Алла Елшісі бұл туралы: «Ақиқатында, қасқыр отардан бөлінген қойды жейді» (Әбу Дәуіт) және «Кім Жәннаттың ортасын қаласа жамағатта болсын: расында, шайтан бір адаммен болады, ал екі адамнан алыстайды» (Ахмад, Тирмизи) дейді. Сондай-ақ, намазды да жамағатпен оқу абзал. Бұл туралы мынадай хадис бар: «Бір ауылдағы немесе шөлдегі үш адам жамағат болып намаз оқымаса, шайтан оларға билік жүргізеді. Сондықтан да, намазда жамағатпен болыңыздар, қасқыр да отардан бөлінген қойды жейді». (Әбу Дәуд, Тирмизи).

6. ЖАМАҒАТ НАМАЗЫ ТҮНІ БОЙЫ ОҚЫҒАН НАМАЗДЫҢ САУАБЫН СЫЙЛАЙДЫ!

«Құтпан намазын жамағатпен оқыған, түннің жартысын намаз оқып өткізген секілді, ал таң намазын жамағатпен оқыған, түнімен намаз оқыған секілді» (Муслим).

 Бұл хадистің Осман бин Аффанның айтуымен, Тирмизидің келтірген нұсқасында, Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын хабарланады: «Жамағатпен оқылған құтпан намзына қатысқанға түннің жартысын намазбен өткізген есебіндей (сауап) жазылады, ал басқа адамамдармен бірге құтпан намазын да, таң намазын да оқығанға, бүкіл түнді намазбен өткізген есебіндей (сауап) жазылады» (Тирмизи “Жақсы әрі сенімді хадис” деді).

7. ЖАМАҒАТПЕН ОҚЫЛҒАН ТАҢ НАМАЗЫНА ПЕРІШТЕЛЕР ҚАТЫСАДЫ!

Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын). Ол: «Алла Елшісінің (оған алланың игілігі мен сәлемі болсын):«Жамағат намазы біреуіңнің жалғыз оқыған намазынан жиырма бес бөлік артық және таң намазында түнгі періштелер мен күндізгі періштелер бас қосады»,—дегенін естідім»,—деген.

Сосын Әбу Һурайра: «Қаласаңдар, оқыңдар: «Расында таңғы Құранға (періштелер) қатысады (яғни, таңғы Құран оқуды түнгі періштелер мен күндізгі періштелер тыңдайды.» («Исра» сүресі, 78-аят), -деп айтқан. (Бұхари)

ЖАМАҒАТ НАМАЗЫНДАҒЫ САПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ХАДИСТЕР

«Бірде Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Сендер неге саптарыңда, өздерінің Раббыларының алдында тұрған періштелер сияқты тұрмайсыңдар?», - деді. Біз: «Я, Алла Елшісі, періштелер өздерінің Раббыларының алдында қалай сапқа тұрады?», - деп сұрадық. Сонда ол: “Олар бірінші саптарды толтырады және сапта бір-бірімен тығыз тұрады», - деді (Муслим).

Әбу Саъид аль-Худри (оған Алла разы болсын) былай дейді:

«Кейбір сахабаларының артқы жақта тұруды қалайтынын көрген Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оларға: «Алдыға жылжып, менен үлгі алыңдар, ал сендердің артыңдағылар үлгіні сендерден алсын, өйткені адамдар артта тұруды [1](яғни, игілікке ұмтылмай енжерлық танытса) Алла оларды соңына ығыстырғанша жалғастырады! (яғни, Алла Өзінің мейірімінен алыстатқанша)», - деді (Муслим).

Әбу Масъуд (оған Алла разы болсын) былай деді: «Жамағатпен оқылатын намаздың алдында Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әдетте бізді иығымыздан ұстап (өз қолымен намазға сапты түзейтін) былай дейтін: «Түзеліңдер, араларыңда өзгешелік болмасын, олай істемесеңдер жүректерің бірлікті білмейтін болады және менің артымнан ақылы кірген үлкендерің тұрыңдар одан соң - кейінгілерің, одан соң – кейінгілерің» (менің артымнан жастары үлкен, ақылы кіргендер, ал одан кейін олардан жасырақтарың тұрыңдар дегені)(Муслим).

   

   Әнас (оған Алла разы болсын) Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Саптарыңды түзеңдер, өйткені, расында, сапты түзеу намаздың кәмілдігінің белгілерінің бірі болады» дегенін жеткізеді.(Бұхари, Муслим) Басқа нұсқасында: «өйткені, расында, саптарды түзеу намаз оқудың бөлігі саналады» делінген.

Бұл хадистің Муслим келтірген нұсқасында ан-Нуъман бин Баширдің (оған Алла разы болсын) былай дегені келтіріледі:

Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оның бізден не талап етіп жатқанын түсінгенімізше біздің сабымызды, садақ оғының түзулігін тексермекші болғандай тәптіштеп туралайтын. Бірде ол біздің алдымызға шығып өзінің орнынан енді «Аллаһу акбар» деп тәкбір айтайын деп жатқанда, бір бәдәуидің кеудесінің алдыға шығып тұрғанын көріп: «Алланың құлдары, сендер міндетті түрде саптарыңды түзетулерің керек, олай істемесеңдер Алла сендердің жүздеріңді өзгертеді», - деді.

Әл-Бара бин Азиб (оған Алла разы болсын) былай деді: «Әдетте Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) саптың бір шетінен екінші шетіне шығып, бізді иығымыздан ұстап және кеудемізге қолдарын тигізіп, сосын: «Біркелкілікті бұзбаңдар, олай істемесеңдер жүректерің бірлікті білмейтін болады», - дейтін. Сондай-ақ ол жиі: “Расында, Алла және Оның періштелері бірінші сапты игіліктейді!», - дейтін. (Әбу Дәуд)

Басқа хадистерде: «Саптарыңда мұқият болыңдар, бір-біріңнің иқтарыңды тигізіп тұрыңдар, араларыңда (бос орын болмасын) толтырыңдар, бауырларыңның қолдарына жол беріңдер (бұл дегені, егер біреу ол не артта қалып қойып, оны біреу қолымен итеріп түзегісі келсе, оған бағыну керек). Кім сапты толтырса (бос орынды толтырса), Алла оған сауап жазады, ал кім сапты үзсе, онымен Алла үзеді (Алла өзінің мейірімінен алыстатады)(Әбу Дәуд); «Саптарыңды біріктіріп бір-бірімен жақындатыңдар (саптардың арасы үш білекке тең болсын) да мойындарыңды бір түзудің бойында ұстаңдар (сендерден ешкім не алдыға на артқа шығып кетпесін). өйткені жаным қолында Болғанның атымен ант етемін, мен араларыңдағы қуыстарға шайтан кішігірім қой секілді өтіп кеткенін көремін (Әбу Дәуд); «Бірінші сапты толтырыңдар, одан кейін келесісін солай бүкіл жетіспеушілік соңғы сапқа жеткенше әр-бір келесі сапты толтырып отырыңдар» (Әбу Дәуд) делінген.

 http://www.asylarna.kz/

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз