Бүгін Талдықорғанда қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай баспасөз мәслихаты өтті.
Жетісу облыстық «Иман» мешітінде ұйымдастырылған брифингке Жетісу облысы бас имамы Керімбек Сәрсембайұлы, Жетісу облысы Дін істері басқармасы басшысы Жаңабай Сағыныш Асқарұлы, Талдықорған орталық «Иман» мешітінің найб имамы Нұрлан Жұманұлы қатысты.
Брифинг барысында облыс бас имамы баспасыз маслихатына арналған құрбан айт тезисімен таныстырып өтті. Сөз алған Керімбек Сәрсембайұлы жұртшылықты келе жатқан Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтай келе, жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы көрші Өзбекстан, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармаларымен, бірқатар мұсылман мемлекеттерімен кеңесіп, Құрбан айт күнін 16 маусымға бекітілгенін, ал, арапа күнінің 15 маусымға белгіленгенін жеткізді. Сонымен қатар, Жетісу облысы айт мерекесін 6:00-де айт намазын оқумен бастау алатын қасиетті Құрбан айт мерекесінің мән-маңызы турасында журналистерге мол мағлұмат берді.
«Зұлхижжа айының алғашқы он күнінде барынша ықыласпен ғибадат етіп, көбірек ізгі істер мен жақсы амалдар жасауға тырысу керек. Өйткені, хадистерде сол уақытта орындалған игі істердің сауабы еселеніп жазылатыны айтылған» - деп атап өтті облыс бас имамы.
Келесі кезекте сөз алған Жетісу облысы Дін істері басқарма басшысы Сағыныш Асқарұлы биыл облыс және қала әкімдігі санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптарды сақтау мақсатында, құрбандыққа шалынатын малдарды сату, сою және таратуға рұқсат етілген арнайы орындарды бекітіп берді. Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы бекітілген Құрбан айттың құрметіне, ел игілігі үшін берілгендіктен, мал сою барысында санитарлық талаптарды сақтауға шақырды.
Баспасөз мәслихаты айт мерекесіне байланысты БАҚ өкілдерінің сұрақ-жауабымен қорытындыланды.
Жетісу облыстық «Иман» мешітінің баспасөз қызметі
https://taglim.kz/blogs/is-sharalar/item/4205-zhetisuda-rban-ajt-a-bajlanysty-brifing-bolyp-tti.html#sigProId75e29e37c4