https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

«Исламдағы бала тәрбиесі» атты семинар

17 Feb 2024 0 comment Оқылды: 548 рет

Талдықорған қаласы орталық «Иман» мешітінде ҚМДБ Әйел-қыздар секторы меңгерушісі Нұрғалиева Динара, Жетісу облыстық дін істері басқарма басшы орынбасары Динара Мұратқызы және облысқа қарасты аудан-қала ұстаздары қатысуымен «Дін мен дәстүр құндылықтары» жылы аясында «Исламдағы бала тәрбиесі» атты семинар болып өтті. Жиында сектор меңгерушісі Нұрғалиева Динара Құтқожақызы «Ислам және дәстүр» тақырыбында баяндама оқыса, облыстық дін істері басқарма басшы орынбасары Динара Мұратқызы келген қонақтарға жылы лебіздерін жеткізді.

Одан соң Жетісу облысының әйел-қыздар секторының жетекшісі Орынбасарова Айгерім аудан-қала ұстаздарын таныстырып, өз жұмыстарын көрсетті. Сонымен қатар, спикер ретінде Құтқожақызы Динара «Бала тәрбиесінің маңыздылығы” баяндамасын, Алматы облысының әйел қыздар секторы жетекшісі Әкішқызы Назерке «Қыз тәрбиесі» жайында баяндама, Алматы қаласының әйел-қыздар секторы Ілесбайқызы Гүлмира «Ұл тәрбиесі» жайында баяндамаларын оқыды.

Просмотр изображений в онлайн галерее Flickr:
https://taglim.kz/blogs/is-sharalar/item/4203-islamda-y-bala-t-rbiesi-atty-seminar.html#sigProIdb42808623d

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз