https://www.facebook.com/taglym

          

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/Qamqor jinalys
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/Qamqor jinalys

«QAMQOR-SHARAPAT» саласына жауапты өңір қызметкерлеріне жиын өткізілді

13 May 2022 0 comment Оқылды: 160 рет

«QAMQOR-SHARAPAT» – көпшіліктің сұранысымен жерлеу рәсімдерінде ысырапшылдық пен бәсекелестікке жол бермеу және жалпыға ортақ мәдениет қалыптастыру мақсатында қолға алынған жоба. Бүгін Діни басқарма бекіткен үлгіге сай ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша бас имамы Алмас Сағидоллаұлы орталық «Иман» мешітінде қала-аудан бойынша «QAMQOR-SHARAPAT» саласына жауапты өңір қызметкерлеріне жиын өткізді. Іс-шара барысында «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының Талдықорған өңірі бойынша меңгерушісі Ибраймов Юсуф имам түсіндірме жұмысын жүргізіп, бірізділікке түсуі қажет дүниелерді тілге тиек етті.
«ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қабір басындағы бәсеке ретінде мазар салып жарысуды тоқтатып, ысырапқа жол бермеу үшін зиратты бірізділікке келтіру жөнінде бастама көтерген болатын. Бүгінде жерлеу рәсімдері шариғат нормаларына және ата-баба дәстүріне сай болуымен бірге, өркениет көшінен де артта қалмауы керек. Алдағы уақытта салттық қызмет көрсететін орталықтар ҚМДБ ұсынған үлгіге сай жұмыс жүргізсе қабір басындағы келеңсіздіктер тоқтап, бірізділікке келеді деген ниеттеміз.

{gallery}Qamqor jinalys{/gallery}

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз