https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/korytyndy.jinalys
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/korytyndy.jinalys

Жылдық есеп жиналысы өтті

15 Dec 2021 0 comment Оқылды: 200 рет

ҚМДБ Талдыұорған өңірі бойынша өкілдігінің жылдық қорытынды есеп беру жиналысы өтті. Жетісу аймағының бас имамы Данағұлов Алмас Сағидоллаұлының төрағалығымен өткен қорытынды жиналыста өңірге қызмет етіп жатқан бас имамдары 2021 жылы атқарылған іс-шаралар есебін баяндады.
Есеп беру үлгісіне сәйкес мешіттердің қорытынды мәліметтері арнайы слайд ретінде экраннан көрсетіліп, жазбаша үлгісі тапсырылды.
Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты еліміздегі мешіттер «Ихсан» жылы аясында жеті бағыт бойынша жұмыстарды жүзеге асып келеді. Осыған сәйкес, бас имамдар уағыз-насихат жұмысы (онлайн және офлайн форматта өткен), оқу-ағарту бағыты, қайырымдылық шаралары, теріс ағыммен жұмыс, пәтуа және діни рәсімдер, мешіт істері мен шаруашылық, Жастар және Әйел-қыздар секторлары бойынша, имамдардың Баспасөз және БАҚ-пен жұмыстары бойынша есеп беріп, қосымша сұрақтар бойынша да толыққанды мәлімет беріп отырды.
Жиналыс соңында келесі жылғы жұмыс жоспарына байланысты діни қызметкерлер ұсынысы мен өтініштері тыңдалып, ортақ жобалар түзілді. Өкілдіктің бас имамы Алмас Сағидоллаұлы биылғы жылдың жалпы есебін жариялап, кейбір бағыттар бойынша келесі жылға нақты тапсырмалар жүктеді.

{gallery}korytyndy.jinalys{/gallery}

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз