Көксу ауданы. Жарлыөзек ауылдық округі. Бозтоған ауылдық мешітінде қастерлі Тәуелсіздіктің 30 жылдығының құрметіне Әділұлы Едіге имамның бастамасымен ел ағасы облыс маслихатының депутаты Секенбай Сейітжанұлы және кәсіпкер Хан Венера Афанасиқызының демеушілігімен тәуелсіздік жолында жанын қиған желтоқсан құрбандарын еске алып, ас беріліп, рухтарына Құран хатым бағышталып дұға оқылды. Асқа ел ағалары, желтоқсан оқиғасының куәгерлері, аудан, ауыл ақсақалдары, Спорт ардагерлері, жастар мен үкіметтік емес ұйым өкілдері, жергілікті атқару органдарының өкілдері және мешіт имамдары қатысты. Ас барысында сөз алған ел ағалары тарихқа шегініс жасап, елі үшін еміренген ұл-қыздарымызды еске алып, өскелең ұрпаққа Тәуелсіздік ел бақыты екенін айтып, болшағымыз жарқын болсын деп лебіздерін білдіріп, ел бірлігі мен тыныштығын тілеп нақыл сөздерімен үгіт-насихат айтып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
{gallery}koksu.13.12.21{/gallery}