Алакөл ауданы Ақжар ауылында сәулеті мен салтанаты жарасқан көрем де әсем мешіт ашылды. Мешітті ауыл тумасы Жазылбеков Асқар мырза өз қаражатына салды, сондай-ақ ауыл тұрғындары да Алланың үйіне өз үлестерін қосты. Рухани орталықтың ашылу салтанатына алыс жақыннан құрметті қонақтар келіп, ізгі тілектерін айтты.
Мешіттің лентасы қиылып, екі рәкат сәлем намазы оқылды. Ауданның бас имамы Әнет Омарханұлы ауыл халқын мешіттің ашылуымен құттықтап, жұма намазын өткізіп, халыққа насихат айтты
{gallery}alakol.21.11{/gallery}
.