Уақытында өзі ұстазы болып, ілім берген Думан ұстаз Сайфуллин шәкірті Мадияр қари Қайратбекұлы жетекшілік қылып отырған «Талдықорған жеке қайырымдылық» орталығындағы қыздар медресесінің жұмысымен танысып, тәрбиеленушілерімен жүздесті. Құран мен ілім алудың артықшылығы жайында насихат айтты. Діни іліммен қатар тігіншілік, аспаздық, тіл үйрететін дәрістердің оңдылығына тың идеяларын қосып, медресе жұмысына сәттілік тіледі.
{gallery}medrese11.11{/gallery}