https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/tekeli.25.10
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/tekeli.25.10

Текелі: Ұлт құндылығы - ұрпаққа аманат

26 Oct 2021 0 comment Оқылды: 213 рет

Дін – адамдардың аражігін ажыратып, түрлі сенімге жетелейтін емес, керісінше барлық адамзат баласын біріктіруші күш. Кез-келген мемлекеттің идеологиялық басқару формасына жүгінсеңіз діни алауыздыққа жол бермеу мәселесін бірінші орынға қояды. Себебі – сенім орасан қайратқа ие.

Осы аптада Алматы облыстық дін істері басқармасының Текелі қалалық филиалының ұйымдастыруымен аға буын өкілдері қала жастарымен жүздесті. “Үлкенді сыйлау - ұлылық” тақырыбында әңгіме өрбіткен жас мамандар өздерінің көкейкесті сауалдарын қойып, ата-әжелеріміздің батасын алды.

Жиын қонақтары болған аға буын өкілдері Сәбит пен Шөкен ақсақалдар және "Шарапат-Сауап" корпоративтік қорының төрағасы Ф.Бүркітбай, "Абзал ана" халықтық ансамбілінің жетекшісі Г.Бектұрова, «Керімбек би» мешітінің бас имамы А.Айтбосынұлы, қалалық Ардаргерлер кеңесінің хатшысы Г.Омарава жастарымызға діни сауаттылық тұрғысынан ақпарат беріп, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеді.                                                                  

«Заманына қарай адамы» демекші, әр мемлекет, әр ұлт, әр тұлға өзінің жеке ұстанымымен адымдап келеді. Бұл ретте діни наным-сенім мен түсініктің адамның өмірді қабылдау дағдысына да едәуір әсер етіп отырғанын аңғарамыз.

Сондықтан мектеп қабырғасы мен жоғары оқу орындарынан алатын тәрбие көзі тұнық болуы шарт. Сонда ғана толық кемелді, ұлтжанды, діни сауатты ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды аманат етіп қалдырамыз.

{gallery}tekeli.25.10{/gallery}

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз