Өзін ғана ойлаған,
Жамандықтың белгісі.
Өзгені де ойлаған,
Адамдықтың белгісі.
Үлгілі сөз білмеген,
Надандықтың белгісі.
Бар-жоғына қарамас,
Анық жомарт, ер кіс
Қайырымдылық – мұқтаж жандарға көрсетілер нақты көмек, ізгіліктің анық көрінісі, адамның асыл қасиеті. Кісінің айналасындағы адамдарға танылатын тамаша қыры да қаншалықты қайырымды екендігінен байқалады.
Адам ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Алайда мың құбылған дүниеде табысын біреумен бөліспек түгілі өз басын асырай алмай жүргендер де баршылық. «Шын мәнінде, амалдар ниетке байланысты. Расында, адамға ниет еткені тиесілі», - деген тағылымды хадис бар. Жақсы ниет жақсылыққа жетелейді екен.
Дегенмен, олардың терістеу тірлігінен гөрі, жақсылардың шарапаты өмірдің өзін әдемі көрсетеді. Жүрегінде иманы бар жұрт қолынан келгенше Алла алдындағы қасиетті парыздың бірін қайырымдылық деп біледі.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Бес нәрсенің қадірін біл. Олар: өлімнен алдын өмірдің, ауру келмей денсаулықтың, әурешіліктен бұрын бос уақыттың, зағиптықтан бұрын жастықтың, кембағалшылықтан бұрын байлықтың қадірін біл» деген. Аста-төк болмаса да азын-аулақ табысының өзін өзгелермен бөлісіп жүретін жаз дидарлы жандарды көргенде, жүрегің жібіп сала береді. Сауапты істің сан соқтырмайтынын білетін елдің бір бөлігі қолындағы барын бөлісіп келеді.
Сарқан аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен,азқамтылған көп балалы,мүмкіндігі шектеулі,және жалғыз басты ,қарт отбасыларына көмірмен көмек берілді Алла қайрымды жандардың садақаларын қабыл етсін! шараға белсене атсалысқан мешіт жамағаты Алтынбеков Марат ағамызға және Толлияти Еркінбекке Алла разы болсын!
{gallery}sarkan19.10{/gallery}