Талдықорған өңірі, Қаратал ауданы орталық мешітіне қарасты әйел-қыздар секторының ұстазы Жұпанқызы Фарида кезекті іс-сапарымен Тастөбе ауылына барып, әйелдер жамағатымен кездесті.
Құлшылықтың ең төресі, бес парыздың бірі “Намаз” жайында уағыз-насихат айтып, бар білімімен бөлісті.
Пайғамбарымыз с.а.с хадисінде: "Өздеріңе қалаған нәрселеріңді басқаларға қаламайынша толық иман келтірген болып саналамайсыңдар,” - деген екен. Сондықтанда, алған білімге амал қылудың өзіде мұсылмандылықтың айқын көрінісі. Намаз барша мұсылманға парыз, оқымасақ ол - қарыз! Намазымызға бекем болсақ, ұстаздарымыз бен имамдарымызды құрмет тұта білсек әлбетте болашағы жарқын иманды халыққа айналамыз!
{gallery}Karatal14.10{/gallery}