Алакөл ауданы Көктұма ауылының имамы Серік Ахылбекұлының ұйымдастыруымен мешіт жамағаттары арасында ұлттық ойындар, қазақша күрес, қол күресі, арқан тартыс және кір тасын көтеру сынды бірнеше спорт түрлерінен сайыс өтті. Сайыс нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, марапаттар мен сый-сияпаттарға ие болды.
Дәстүрімізді жаңғырту, жастарды салауатты өмір салтына ынталандыру мақсатында осындай игі шаралар жиі атқарылса нұр үстіне нұр болар еді.
{gallery}alakol.14.10{/gallery}