Талдықорған қаласы “Иман” орталық мешітінде Талдықорған өңірі бойынша әйел-қыздар секторы мен дін істер басқармасының әйелдер бөлімімен бірігіп ұйымдастыруымен қала бойынша кең көлемде “тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл” атты семинар-тренинг өткізілді. Семинарды Алматы қаласы “Нұр-мүбәрак” университетінің магистрі, ұстаз Айнұр Жарқынбекқызы және психолог, ұстаз Гүлжан Мұратқызы бірігіп жүргізді. Қатысушы әйелдер уағыз-насихат тыңдап, емен-жарқын өзара әңгімелесіп, көкейлеріндегі біраз сұрақтарының жауабын да ала алды. Жалпы бұндай кең-көлемді кездесулер әлі де өткізіледі деп жоспарлануда.
{gallery}aielder02.10{/gallery}