Бүгін Талдықорған қаласы Әскери госпиталінде ортақ меморандум аясында әскери қызметшілермен кездесу өткізіліп, шараға дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының дінтанушы маманы Естай Қалмұрат пен «Иман» мешітінің исламтанушы, теологы Нұрсұлтан Мұқият қатысты. Кездесу 13-22 қыркүйек аралығында өтетін «Мен өмірді таңдаймын» атты онкүндік аясында ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – жеке және отбасылық шиеленісті ескерту, суицидтік оқиғаларға жол бермеу және күйзеліс күйде басқа ағымға кетіп қалуды ескерту.
Кездесу барысында деструктивті топтардың радикалды діни идеологиясы, экстремистік сипаттары ашып көрсетіле отырып, деструктивті ұйымдар жүргізіп жатқан қызмет шынайы діннің қағидалары мен ұстанымдарына толық қайшы келетін тұстары мен интернет кеңістіктегі жұмыстары жөнінде мағлұматтар берілді. Сондай-ақ, қатысушыларға «Жастарды жат ағымнан сақтайық», «Жастар және дін: бүгіні мен болашағы», «Дәстүрлі құндылықтар және рухани тәрбие сабақтастығы» тақырыбында таратпа материалдар үлестірілді.
Карантин талаптарын сақтай отырып қамтылған шараға жалпы саны 30-ға жуық адам қатысты.
{gallery}Kezdesu.17.09{/gallery}