https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/insan2
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/insan2

«ИХСАН-РУХАНИ КЕМЕЛДЕНУ ЖОЛЫ» ИМАМДАРҒА ТАНЫМДЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

16 Aug 2021 0 comment Оқылды: 232 рет

ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен «ИХСАН – РУХАНИ КЕМЕЛДЕНУ ЖОЛЫ» тақырыбында имамдарға танымдық семинар өтті.
Рухани-танымдық семинарда бас имам Алмас Сағидоллаұлы сөз бастап, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қолға алынған жұмыстарды саралай келе, рухани тәрбие бағама бойынша атқарылатын жұмыстар турасында баяндама жасады.

ҚМДБ жариялаған Ихсан жылы аясында қала-аудан, ауыл имамдарына ұйымдастырылған игі шарада ҚР БҒМ ҒК М.О.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институты "Қолжазба жəне фольклортану" ғылыми-инновациялық орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, ассоц. профессор, шығыстанушы ғалым, ғұламалар кеңесінің мүшесі ҚЫДЫР Төрəлі Еділбайұлы ихсан турасында баяндама жасады.

ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша ихсан бағамына жауапты Ордыбай Мұхаммед имам һәм ихсан, тұлғалық даму турасында сөз қозғады.
Ихсан – жақсылық ілімі. Исламның бізден қалаған ихсаны – жасайтын жақсылықты ең көркем түрде, ең жақсы һәм кемеліне жеткізе отырып жасау. Бір сөзбен айтқанда толық мұсылман болған адам жақсылықтың ең биік шыңында жүруі арқылы әрқашан жақсылық жасап, ізгілікті насихаттап өзінің амалдарымен күллі адамзатқа үлгі болуы керек.

Талғамы бөлек, тың ойлар қозғалған рухани-танымдық шара соңында барлық қатысушыларға Ихсан іліміне байланысты ҚМДБ тарапынан берілген жұмыс жоспары түсідірілді.

{gallery}insan2{/gallery}

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз