https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/ihsan-16.08.21
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/ihsan-16.08.21

«Ихсан — рухани тәрбие негізі» кітабы таныстырылды

16 Aug 2021 0 comment Оқылды: 317 рет

Бүгін ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша өкілдігінің ұйымдастырумен облыстық Тіл сарайында Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жарық көрген "ИХСАН - РУХАНИ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ" кітабының танытымы өтті. Игі шараға өңірдің бас имамы Алмас Сағидоллаұлы, облыстық дін істері басқармасының басшысы Ниет Бауыржан Амангелдіұлы, облыстық мәдениет, архив және құжаттар басқармасының басшысы Марлен Қапашұлы, облыстық жастар мәселелері басқармасының басшысы Елдар Қайсарұлы, облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев, арнайы шақырылған шығыстанушы ғалым, ҚМДБ ғұламалар кеңесінің мүшесі Қыдыр Төралі Еділбайұлы, сондай-ақ облыстық "Жетісу" газетінің бас редакторы Әрін Әміре, облыстық "Жетісу" телерадиокорпорациясының бас продюсері Досан Қызайбекұлы, ҚР мәдениет қайраткері Сағындық Жұмаділов, қоғам қайраткері Жұмахмет Жанахметұлы, Жетісу мемлекеттік университетінің деканы Амангелді Толамисов, өңірдің ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сәдуақас Бәйкен, қала-аудан имамдары мен дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары қатысты.

Кітаптың тұсаукесерінде алғашқы болып сөз алған ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша бас имамы Данағұлов Алмас Сағидоллаұлы аталмыш еңбектің рухани құндылықтары жайына тоқталып, құнды еңбек болашақта жастардың жан азығы, халықтың рухани шамшырағына айналарына сенетіндінгін жеткізді. Шара барысында жиналған зиялы қауым кітаптың жарық көруімен құттықтап, ізгі тілегі мен алғыстарын жеткізді.

Аталмыш еңбекте Ислам ғұламаларының ихсан ілімі жайлы ой-толғамдары жазылған. Кітапта әрбір адамға аса қажет көркем мінез бен тәлім-тәрбие қалыптастыру жөнінде баяндалған.

 

{gallery}ihsan-16.08.21{/gallery}

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз