https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/65656566
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/65656566

Талдықорған: 4 отбасы баспаналы болды

03 May 2021 0 comment Оқылды: 277 рет

{gallery}65656566{/gallery}

         Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі пәтерге» жобасымен осыған дейін баспанасыз жүрген отбасыларға 376 үй берілгені белгілі.

Бұл тізім тағы толығып, Жетісу жерінде 377-378-379-380-ші үйдің кілті табысталып, 4 отбасы қуанышқа кенелді.

Қасиетті жұма намазының алдында, көпшілікке Алматы облысында 4 үй мұқтаж отбасыларға беріліп жатқанын атап өткен Талдықорған өңірінің бас имамы Ардақ қажы Нүсіпханұлы, осы сәтте Ақсу ауданында 2 үйдің, Көксу ауданында 1 үйдің, Талдықорған қаласында 1 үйдің кілті беріліп, баспанасыз жүрген жандардың көптен күткен қуанышқа қол жеткізетінін атап өтті.

– Біздің өңірімізде «Ел үлесі пәтерге» жобасымен 73-ші пәтердің кілті беріліп жатыр, – деген Талдықорған өңірінің бас имамы Ардақ Нүсіпханұлы облыс орталығындағы үйдің құпия берілетінін атап өтті. – Осы сәтті пайдаланып, баспананың қиындығын көріп отырған отбасының үйлі болуына үлес қосқан жандардың баршасына Алла разы болсын, айтамын! Демеушілік жасаған азаматтарға, олардың отбасыларына, мал-мүліктеріне Алла Тағала береке берсін. Бұл жергілікті халықтың ықылас-пейілмен жинаған қаржысына алынған баспана. Көпшіліктің қасиетті Рамазан айындағы істеген игілікті істері деп біліңіздер.

380-ші баспана Талдықорған қаласының тұрғыны Асхат Иманғазлиевке тосын сый ретінде берілді. Жұма намазына жиналған көпшіліктің алдында аты-жөні аталып, ортаға шақырылған азамат қуаныштан шыққан көз жасына ие бола алмады. Баспананы құпия болып қалуды қалаған азамат Асхат Берікжанұлының отбасына тарту етіпті.

 

ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша

баспасөз қызметі

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз