{gallery}6547654{/gallery}
ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілдігінің мұрындық болуымен әрі демеушілердің қолдауымен, Талдықорған орталық «Иман» мешіті және қалалық «Жетісу» мешітінде «Рамазан сыйы» атты акция ұйымдастырылып, 300 отбасына азық түлік себеттері таратылды.
Арнайы ұйымдастырылған шараға, өңірдің бас имамы Ардақ қажы Нүсіпханұлы қатысып, Жетісу жұртшылығын Рамазан айымен құттықтап әрі мешітке өтініш жазған мұқтаж жандардан тыс, мешіттердегі 5 уақыт намазға келуші жамағаттардың жұбайларына және мешіт қызметкерлеріне ( күзетші, тазалықшы, аула сыпырғыш т.б. ) азық-түлік себеттерін өз қолымен табыс етті.
Сонымен қатар, азық-түлік себеттері салынған қорап, 10 кг ұн, 5 кг күріш, 5 кг кеспе, 5 литр май және 1 кг тұзды қамтыды.
ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша
баспасөз қызметі