https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Талдықорған: Бас имам – Кербұлақ ауданында

28 Mar 2021 0 comment Оқылды: 264 рет

Алматы облысы Кербұлақ ауданына жұмыс сапары аясында Талдықорған өңірінің бас имамы Ардақ Нүсіпханұлы аталған ауданның әкімі Ғалиасқар Сарыбаевпен кездесті.

Кездесу барысында аудандағы діни ахуал, мешіттердің әлеуметтік-экономикалық ахуалы, құлшылық үйлерінің діни мамандармен қамтылу жайы талқыланды. Аудан әкімі бірлесе жұмыс істеп, өңірдің діни әлеуетін көтеруде ықпалдастық танытатынын жеткізді.

Әрі қарай бас имам жоспар бойынша ауданның зиялы қауым өкілдері мен мектеп директорларымен кездесті. Шара барысында «Отбасы қоғам тірегі»,  «Дін. Қоғам. Зекет» тақырыптарында насихат айтты. Кездесудің соңында сұрақ-жауап алмасып, тағылымды ойлар айтылды.

 
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз