{gallery}44854{/gallery}
Талдықорған өңірі Сарқан аудандық орталық мешітінде мешіт жамағаттары арасында Ихсан іліміне байланысты алқалы жиын өтті.
Жиын барысында, 7 бағыттың бірі болған Ихсан ілімінің маңыздылығы мен қазіргі кездегі дінді сыртқы болымысына қарай түсініп жүрген діни білімі төмен кейбір топтар үшін жан дүниеміздің тазартудың бірден бір жолы осы Ихсан ілімі екендігі сөз болып ендігі кезекте, Ауданға қарасты барлық ауылды жерлерде Ихсан ілімі халыққа түсіндірілуі үшін, түрлі кездесулер, іс шаралар, онлайн сұхбаттар, жергілікті газеттерде мақалалар жариялануы керектігін тілге тиек етті.
Сонмен қатар, жақын уақытта осы ілімге байланысты кітаптың жарық көруіне қолдау керек екенінде атап өтті.
Алла кемлділікке жетуіміз үшін шынайы тақуалықты нәсіп етсін!
ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі Сарқан ауданы бойынша мешіт баспасөз қызметі.