{gallery}98789{/gallery}
Бүгін, Сарқан аудандық «Ардагерлер» үйінде жергілікті имамдар мен қазыналы қариялардың басы қосылған жиын өтті.
Жиынға, ЖАНТ мүшелері Талдықорған өңірі бойынша наиб имамы, қалалық «Тәубе» мешітінің имамы Дәутов Керімбек Сәрсембайұлы және Талдықорған өңірі бойынша наиб имамы, қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Алмас Данағұлов, Сарқан ауданың бас имамы Асқар Серікбек қатысты.
Жиынның мақсаты, Өткен жылдың 10 желтоқсан күні елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай, мүфтият ғимаратында «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» тақырыбында имамдардың ІV республикалық онлайн-форумындағы қабылданған «Ас беру мәдениеті», «Зират және зиярат мәдениеті», «Зияткер имам» құжаттарын ЖАНТ мүшелері, Сарқан жұртшылығына таныстырып, ардагерлердің оң пікірлерін тыңдау болатын.
Қазіргі таңда, аталмыш құжаттар Талдықорған қаласынан бөлек, Көксу, Қаратал халқына таныстырылып үлгерген.
ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша
баспасөз қызметі