{gallery}545123{/gallery}Талдықорған: 347-ші баспана табыс етіліп әрі ауыл имамы Шипажайға жолдама алды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен қолға алынған Республикалық «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы жалғасын тауып, осы уақытқа дейін 347 адам баспаналы болса, Талдықорған өңірі бойынша 68 ші адамға пәтер кілті табысталды.
Ендігі кезекте, 347-ші баспана Талдықорғандағы мешіт имамдарының ұйытқы болуымен әрі жанашыр жандардың көмегімен Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек кентінің тұрғыны Әлия Әбілмәжіноваға бұйырды.
Осы уақытқа дейін отағасы бақилық болып, 6 баламен жесір қалған Әлия Әліпбайқызы пәтер жалдап күнелтіп келген.
Қам көңіл ана, Талдықорған қаласы «Тәубе» мешітіне шақыртылып, оған, өңірге қарасты Кербұлақ ауданы, Сарыөзек кентінің орталығынан 3 бөлмелі жиһаздалған пәтер кілті табыс етілді.
Өңірдің бас имамы Ардақ Нүсіпханұлы салтанатты шараға арнайы қатысып, жылы лебізімен пәтер кілтін табыс етсе, еңбегімен еленіп жүрген ауыл имамы Ерғали ұлы Қуатбек имамды да қонақ етіп, хазреттің атынан Алғыс хат пен Шипажайға жолдама берді.
«Көп түкірсе -көл» демекші жасалған игі шарамызды Алла сауапқа жазып, мейірімді жомарт жандар көп болса екен дейміз!
ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі
бойынша баспасөз қызметі.