https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Елдің еңсесін көтерген жаздың соңғы күні!

04 Sep 2020 0 comment Оқылды: 283 рет
 
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссия отырысында бірқатар нысандардың қызметін жеңілдетудің екінші кезеңі мақұлданды.
Ведомствоаралық комиссия елдегі оң жағдайды ескере келе, 31 тамыздан бастап бірқатар нысандардың қызметін қайта бастауға рұқсат берді. Атап айтқанда, діни объектілер, бассейндер, жаттығу залдары, спорт кешендері, мәдениет нысандары, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, қорықтар, резерваттар, сондай-ақ қала маңындағы жолаушылар пойыздары, электр пойыздары, қалааралық, облысішілік автобустар, шағын автобустардың қозғалысына рұқсат беріледі.
Ведомствоаралық комиссия шешіміне сәйкес 31 тамыздан бастап ҚМДБ-ға қарасты еліміздегі бірқатар мешіттер жекелеген намаз бен құлшылықтар үшін, санитарлық талаптарды сақтай отырып ашылады. Айта кетейік, екі апта бұрын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы мәселеге байланысты құзіретті мекемелерге карантин талаптарын сақтай отырып, мешіттерді қайта ашу туралы ұсыныс берген болатын. Осындай жақсы жаңалықтың жаршысы болып, жамағаттардың Қасиетті құлшылық үйіне қадам басар уақытына аз қалған уақытта ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша бас имамы Ардақ Нүсіпханұлының төрағалығымен қала имамдарына жүзбе-жүз форматында және аудан имамдарына ZOOM қосымшасы арқылы онлайн форматта жиналыс өтті. Санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, өңір мешіттерінің ашылуы жайында имамдарға бірқатар тапсырмалар мен қызметте жаңа лауазымдық міндеттер жүктелді. Алдағы уақытта атқарылуы тиіс қайырымдылық керуені шаралары мен мұқтажға медет акциялары жайында ойлар ортада талқыланды. Сонымен қатар, өңірдің бас имамы Қасиетті Құрбан айт кезінде қызметімен ерекшеленген дін қызметкерлеріне ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің арнайы алғыс хатын табыс етті.
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз