https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

“Рухани керуен”

29 Aug 2020 0 comment Оқылды: 452 рет
Мақсатымыз қоғамның діни сауатын көтеру
Орталық Иман мешітінде “Аналар алқасы” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілдігі “Жастар ісі” секторының ұйытқы болуымен Алматы облысы дін істері басқармасының “Рухани керуен” жобасы аясында өңірдің бас имамы Ардақ Нүсіпханұлы “Ұлы дала ойшылдарынң Ислам дініне қосқан үлесі” тақырыбында ZOOM қосымшасы арқылы онлайн дәріс өткізді.
Жылдағы үрдіс бойынша Алматы облысының барлық өңірі қамтылатын онлайн семинардың биылғы алғашқы шымылдығы ашылды. Шараның мақсаты қоғамның діни сауатын көтеру, елдің ертеңіне алаңдайтын жастарға бағыт-бағдар беру, дәстүрлі дініміздің ғұламаларын және еңбектерін дәріптеу болып табылады. Құнды дүниелерді саралап жеткізген Ардақ ұстаз дәрісті жоғары деңгейде өткізді. Сұрақтарға тұшымды ойлар айтылып, жастарға кеңесте берілді.
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз