https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

1 күндік онлайн оқу семинар

15 Aug 2020 0 comment Оқылды: 347 рет
Бүгін ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілдігімен Алматы облысы дін істері басқармасының ұйымдастырумен "Ізгілікті істер" қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн режимде Талдықорған өңірінің имамдарына арналған "Діни экстремизмнің алдын-алуда дін қызметкерінің рөлі" деген тақырыпта 1 күндік оқу семинар өтті. Шарада белгілі ғалым ҚМДБ-ның төраға орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы, теолог Асқар Сабдин, исламтанушы ұстаз Арман Қуанышбаев, ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша бас имамы Ардақ Нүсіпханұлы дәріс өткізді. Сұрақ-жауап алмасып, белгілі ғалымдардың туындалары насихатталды. Шараның мақсаты имамдардың білімін жетілдіру болып табылады. Жалпы оқыту жұмысымен ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша 150 мешіт имамдары қамтылды. Семинарда діни экстремизмнің алдын-алуда ақпараттық түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру жолдары және тиімді жолдары түсіндірілді.
 
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз