"Дұға - мұсылманның қаруы". Шын ықыласпен айтылған дұға-тілек міндетті түрде қабыл болады. Бүгін Талдықорған орталық "Иман" мешітінде Жаратушы Иемізден елімізді аман сақтап, тәубелерімізді қабыл етіп, өршіп тұрған індеттен сақтауды сұрап ел ағалары құрбан шалды. Құрбандықтың еті аурумен күресіп, науқастарды емдеп жатқан қаладағы 7 медициналық мекемелер мен сорпа суға мұқтаж болған отбасыларға таратылды. Қасиетті жұмадағы сойылған құрбандықтың етінен болған ыстық сорпа науқас бауырларымыздың дерттеріне шипа болуын сұраймыз!
{gallery}el-aman{/gallery}