13 шілде жалпыұлттық аза тұту күнінде Талдықорған орталық «Иман» мешітінде арнайы Құран хатым оқылды.
Құран хатымның дұғасын оқу рәсіміне Талдықорған қаласына қарасты мешіт имамдары қатысты. ҚМДБ Талдықорған өңірі бас имамы Ардақ Нүсіпханұлы хатым дұғасында, індеттен қайтыс болған жандардың жаны жәннаттан болуын тілеп, еліміздің індет бәлесінен құтылып, азаматтардың жанын сақтаумен күресіп жүрген абзал жандарға Алладан күш-қуат сұрады.
Құран хатым және дұғасы оқу барысы Youtube, Facebook, Vk және Instagram желілері арқылы онлайн түрде өтті.
{gallery}aza{/gallery}