ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша «Зекет» қайырымдылық қоры өңірдегі зекет өкілдерімен басқосу мәжілісін өткізді.
Жиында ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша бас имамы Ардақ Нүсіпханұлы сөз бастап, Талдықорған өңірлік «Зекет» қорының 2019 жылы атқарған жұмыстарына оң баға берді. Бас имам зекет парызының Алла алдындағы жауапкершілігі зор, салмағы ауыр, сауапты амал екенін баса атап өтіп, зекет өкілдерінің алдағы уақыттағы жұмыстарына береке тіледі.
Өз кезегінде сөз алған ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша пәтуа бөлімінің меңгерушісі Өкен Шынарбек зекеттің хикметін, экономикалық тұрғыдан қоғамға тигізер орасан зор үлесін айтса, өңірдегі "Зекет" қорының жетекшісі Серік Құсайынұлы бес парыздың бірі, Алланың бұйрығы зекетті насихаттауда көркемдік пен табандылыққа шақырды. Сондай-ақ, зекет өкілдеріне 2020 жылы бастау алған жаңа жобалар аясында жұмыс істеу тапсырылды.
{gallery}zeket3{/gallery}