Халықаралық орамал күніне орай, Талдықорған өңірі Кербұлақ ауданы орталық мешіт қызметкерлерінің ұйымдастыруымен аудандық мешітте ауқымды шара өтті.
Іс – шара қасиетті Құран Кәрім аяттарын оқумен басталды. Ауданымыздың бас имамы Яқып Айса «Дініміздегі әйелдің орны» атты тақырыпта уағыз насихат айтты. Сондай-ақ арнайы дайындалған экранда тест сұрақтары қойылды, жауап бергендерге сыйлық берілді. Әрі бірінші рет мешітке келген әпкемізге, осы айда намаз бастаған қарындасымызға және осы аптада Құран әліппесі сабағын бастаған шәкіртке арнайы сыйлық берілді. Орамал тағу үлгісі көрсетілді. Мешітіміздің әйел ұстазы ойын ойнатып уағыз айтты. Іс шара соңынан дастархан жәйілді.
Айта кетелік, халықаралық орамал күні – дүниежүзі мұсылмандарының үлкен қолдауына ие болған мереке. Бұл күні әлемнің көптеген қыз-келіншектері бір күн бойы орамал тағып жүріп, мұсылман әпке-сіңлілеріне қолдау көрсетеді. Бұл күнді атап өту идеясын Бангледеште дүниеге келген Назма Кхан атты мұсылман қызы ұсынған.
{gallery}kerbulak11{/gallery}