Бүгін Ескелді ауданының орталығы Қарабұлақ кентінің жамағатымен жүздесу мақсатында жұмыс сапармен өңірдің бас имамы Ардақ Нүсіпханұлы келді. Алғаш болып Қарабұлақ орта мектебінің жоғары сынып оқушыларымен кездесіп, ел болашағы-дені сау, білімді, иманды жастар тақырыбында сөз қозғады. Мешіттің "Қайырымдылық-қайырлы іс" шарасында болып, кенттің мұқтаж отбасылармен кездесіп, азық-түлік үлестірді. Арнайы орталық мешітте Қасиетті Жұма күннің құрметіне "Салиқалы ұрпақ" тақырыбында жұма уағызын айтып, жамағатты ауызбіршілікке, татулыққа, балаға тәрбие беруде Исламға сай дәріптеуге шақырды.
{gallery}eskeldi9{/gallery}