Кербұлақ ауданы Алтынемел аулында жаңадан салынған «Алтынемел» атындағы мешіттің салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.
Жаңа ғимарат Жұмановтар әулетінің демеуімен және ауыл тұрғындарының көмегімен бой көтерген.
Ауданымыздың бас имамы Яқып Айсаен, ауыл жұртшылығын жаңа мешіттің ашылуымен құттықтады. Елі үшін аянбай қызмет етіп мешіт салған Жұмановтар әулетіне және ауыл тұрғындарына алғыс айтты.
Кербұлақ ауданының орын басарының атқарушысы және Ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлмира Дүйсенбековна ауылға көрік беріп тұрған мешітке құтты болсын айтып, жастар тәрбиесінде осындай имандылық үйлерінің көптеп салына беруіне тілектестік білдірді. Ауыл ақсақалдары бата беріп келген қонақтарға разылықтарын білдірді.
Соңынан шашу шашылып, жамағат екі бас намаз оқып, құран бағыштауға мешітке кірді. Ел-жұрт жаңа мешітке Бас имам болып тағайындалған Қасен Жексенбайға алдағы діни қызметіне сәттілік тілеп, ақжолтайын айтты.
Іс-шара соңынан 200 адамға дастархан жайылып ауыл тұрғындары ыстық лебіздерін білдірді.
{gallery}kerbulak8{/gallery}