«Құранды тәртіппен (яғни дана-дана етіп анықтап) оқы. (Муззаммил 4).
«Расында, сендерге Аллаһ тарапынан Нур және анық Кітап келді. Аллаһ ол арқылы Өзінің ризалығына ілескендерді амандық жолдарына салады және өз нұсқауымен оларды қараңғылықтардан нұрға шығарады әрі оларды Тура жолға салады». (Маида 15-16).
Жоғарыдағы келтірілген аяттарға назар салатын болсақ , Раббымыз бізге құранды үйреніп оған амал етуге бұйырып жатыр. Өйткені ол құран біздерді тұра жолға салатын жарқыраған жарық нұр екенін баяндайды. Пайғамбарымыз с.а.у да көптеп хадис шәрифтерде құранды үйреніп және оны басқа момындарға үйретудің сауабы өте үлкен екендігін айтып өткен. Осы орында сол хадистердің кейбіреулерімен танысып өтейік.
Набий с.а.у былай дейді: « Сіздердің ең жақсыларыңыз құранды үйреніп басқаларға үйреткендеріңіз ».
Басқа бір риуаятта болса : « Сіздердің ең абзалдарыңыз құранды үйреніп оны басқаларға үйреткендеріңіз »-дейді. Екі хадисті де Бұхариде риуаят етілген
Перзенттерімізді Пайғамбарымыз с.а.у ның мінез хұлықтарымен сипаттандырайық. Өйткені Пайғамбарымыз с.а.у ның мінезі құран еді.
Аллаһтың кәләмін Пайғамбарымыз с.а.у сүннетін ең әуелі өзімізге сосын перзенттерімізге сіңіруде Ұлы Раббымыз өзі жар болсын. Әмин!
{gallery}eskeldi6{/gallery}