https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/jumatai
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/jumatai

ЖЕТІСУЛЫҚ БЕЛГІЛІ АҚЫН "ЖЕТІ РУХАНИ ҚАЗЫҚТЫ" ХАЛЫҚҚА ЖЕТКІЗУДІҢ ЖЕҢІЛ ЖОЛЫН ҰСЫНДЫ

29 Nov 2019 0 comment Оқылды: 576 рет

Талдықорғанда өткен "Рухани құндылықтар - қоғам бірлігінің негізі" атты аймақтық форум жетісулықтарға бір серпін беріп, терең ойға салғаны белгілі. Олай дейтініміз, "Жеті рухани казық" Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасында айтылған тұлғалық құндылықтар әр заманда да иісі мұсылманның бойында табылатын қасиеттер.
Форумда сөз алған Казакстан Республикасының мәдениет қайраткері Жұматай Оспанұлы:
"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұсынып отырған руханияттың "Жеті қазығы" жалпы барша адамның жан-дүниесінің азығы деп толықтай айтуға болады. Бұл "Жеті рухани қазық" атты тұғырнама имамдар үшін ғана керек дүние емес, бұл сол имамдардың артында тұрған барша жамағатқа өте қажет дүние деп есептейміз. Сонымен бірге, әр "Жеті қазықтың" өзі 7 тармаққа бөлінгелі себебі, яғни, 49 бағыттағы руханиятты 49 салаға таратып үлкен іс жүргізсе болады деген бағдарлама іспетті. Имамдардың 1 жылдағы апта сайынғы жұмада айтылатын уағызында осы 49 тақырыпты қамтып шықса, жыл ішінде имамдарымыз қаншама кісінің көңілдеріне сәуле төгіп, жүректегі рухани отын жағар еді. Бүгінгі жиындағы көтеріліп жатқан мәселелерге, толғақты сауалдарға "Жеті қазық" рухани тұғырнама толықтай жауап бере алады десек артық айтқанымыз емес", - деген ой-ұсынысын бұқара көпшілік ортаға тастады.

{gallery}jumatai{/gallery}

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз