Көксу ауданы Балпық би ауылы Б.Құндақбаева атындағы орта мектебінде діни экстремизмнің алдын алу, аудан тұрғындары арасында әлеуметтік, мәдени және рухани бірлігін сақтау мақсатында «Зайырлы қоғам: дін мен дәстүр ұштастығы» тақырыбында жиын болып өтті.
Жиын барысында асыл дініміз – бейбітшілік пен келісімді, бірлік пен ынтымақты насихаттайтын пәк дін екені айтылып, сонымен бірге ІІІ республикалық имамдар форумында қабылданған «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының Рухани тұғырнамасы жайында толыққанды баяндалып және де басқа өзекті мәселелер жан-жақты насихатталды, қойылған сұрақтарға жауап берілді.
{gallery}koksu22{/gallery}