Республикалық III имамдар форумында бекітілген «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасын түсіндіру жұмыстары Талдықорған өңірі, Ақсу аудандық орталық мешіті, Қаракемер ауылдық мешіті жамағаттарына сонымен қоса «Ж.Сыдықов», «Қ.Сәтбаев» атындағы орта мектептерінің 8-11 сынып оқушыларына және «Ақсу политехникалық» колледжінде шәкірттеріне жүргізілді.
Аудан имамы А.Тасболатұлы жамағаттарға және жастарға Рухани тұғырнамада қамтылған әр бір мұсылман баласының бойынан табылуы тиіс негізгі жеті көркем сипатты ашып, түсіндіріп берді.
{gallery}aksu18{/gallery}