Сарқан аудандық мәдениет үйінде жас ұрпақты отансүйгіштікке, имандылыққа, патриотизмге, мәдениеттілікке, ұлтжандылыққа, этикаға тәрбиелеу, елімізде тұратын халықтардың озық салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын ескере отырып, исламның шынайы игілікті рухани байлықтарын насихаттау мақсатында «Дін және жастар» атты кездесу өткізілді. Жиын барысында Сарқан ауданының бас имамы Серікбек Асқарұлы қатысып, кереғар жат пиғылды діни ағымдардың жастар санасын улайтын зиянды насихаттары мен діни ағымдардың ұлттық тұтастыққа кері әсері, мәдени және ұлттық құндылықтарымызды сақтау, мемлекеттің ішкі тұрақтылығына төндіретін қауіп-қатері жайлы мәліметтер берілді. Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға түсінікті әрі толықтай қанағаттанарлық жауап берілді.
{gallery}sarkan9{/gallery}