Бүгін ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша өкілдігі Жастар ісі секторының жауапты өкілі Ерлан Кеңесбекұлы Жансүгіров колледжінде болашақ мұғалім болатын қаракөздерімізге «Отбасы құндылықтары. Дін.» тақырыбында лекция өткізді. Шараның мақсаты жастар арасында отбасы құндылықтарын дәріптеу, бала тәрбиелеуде асыл дініміздің орнын айшықтау, үлкенге құрмет, адал кәсіпке жастайынан бағыт беруге баулу. Арнайы видеороликтер мен слайдтар көрсетіліп, жастардың сұрақтарына мағыналы, мәнді жауаптар берілді.
{gallery}otbasy{/gallery}