Біздің халқымыз қашанда көмекке әзір. Қазақтың жері қаншалықты кең болса, пейілі де соншалық дархан. Оны дәстүріміздегі асардан ба¬стап, Қазақстанда тұратын қаншама өзге ұлт өкілдерінің пікірлерінен – ақ байқауға бо¬лады. Халқымыз «Кең болсаң, кем болмайсың» деп, көмек сұрағандардың көпшілігіне жәрдемдесіп, сұрағанның қолын қайтармай келеді. Әсіресе, жағдайы төмен, мүмкіндіктері шектеулі, сондай – ақ, көп балалы отбасыларға ел болып қол ұшын созуды әдетке айналдырып келеміз. Осындай игі істердің басы қасында көбнесе мешіт ұжымы жүретіні де белгілі.
Қазақтың негізгі үш тойының бірі «Құрбан айт» мерекесі биыл да ауданымызда зор сал¬танатпен аталып өтті. Аудан тұрғындары осы бір қайырымды мерекені асыға күтіп, алдын ала шалатын құрбандарын әзірлеп, бірінші айт күні аудандық орталық мешітке айт намазы¬на ағылды. Жиналған көпшілік мешітке сыймай жамағат мешіт сыртындағы алаңға жайғасты.
Айт намазы алдында аудандық орталық мешітінің имамы Анарбай Тасболатұлы уағыз әңгімелер айтып, аудан әкімі Базарханов Есім Сейілханұлы жиналған жамағатты ұлық мере¬кемен құттықтады.
Айт намызынан кейін, ағайын арасындағы татулық пен сыйластықты арттыра түсетін қасиетті Құрбан айт мерекесінде ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша «Зекет» қоры «Ел үлесі - пәтерге» жобасы аясындағы 117-ші баспана табыс етілді.
Нақтырақ айтсақ, бұл жолғы баспана Алматы облысы, Ақсу ауданы, Көшкентал ауылындағы үш қыз тәрбиелеп отырған жалғызбасты мүгедек ана – Ша¬хан Әуешке бұйырды.
Пәтер кілтін Ақсу ауданының бас имамы Анарбек Тасболатұлы өз қолымен табыстады.
Дәл осы күні «Қарекет» қайырымдылық қоры арқылы ауданымыздың тағы бір тұрғыны, жеті баланың анасы Шағадиева Жанар Мұқажанқызына да пәтер кілті тапсырылды. Бұл «Қарекет» қайырымдылық қорының та¬быстап отырған 125 үйі екен. Жақсылықтың жаршысы болып, игі іске атсалысқан ағайынға Алланың нұры жаусын!
«Құрбан» сөзі «жақын болу», «жақындау» деген ұғымдарды білдіреді. Мұсылман бала¬сы айт күні құрбандық шалу арқылы Аллаға деген ақ ниетін паш етеді. Өйткені, Алла Тағала қасиетті Құранда: «Ұмытпаңдар, олардың еті де, қаны да ешқашан Аллаға жетпейді. Оған жететін нәрсе – жүректеріңізге ұялаған тақуалықтарың (шы¬найы ниеттерің)» («Хаж» сүресі, 37-аят), – деп адал ниеттің маңыздылығын атап өткен.
Айт күні жағдайы бар кісілер құрбан шалып, оны қараусыз қалған қариялар мен жетімдерге, көпбалалы отбасыларға тара¬тып, сауап алуға тырысады.
Айт намазынан кейін жылдағы дәстүр бойынша аудандық мешіт алдында құрбан шалынды. Биыл 3 бас ірі қара, жиырмадан аса қой сойылып, үйлерде шалынған құрбандардан бөлек аудан бой¬ынша мешіттерде 200 ден аса елге таратылды.
Құрбан айт мерекесіне орай әрбір ауылдық округтерде әр түрлі ұлттық ойындардан, қошқар көтеру, жүгіру және құран оқудан жарыстар ұйымдастырылды. Қаракөз ауылының жастары мен әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Көкпар» ойыны өтіп, ең көп салым салған жеңімпаздарға арнайы жүлде қоры бекітілді. Сондай – ақ, Қарасу ауылдық округіне қарасты «Қоқты» атша¬барында Ақсу аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен, аудандық атбегілерінің қолдауымен облыс көлемінде «бәйге» ұйымдастырылды.
Облыстық деп отырғанымыз – «Аламан», «Топ бәйге», «Құнан», «Тай жарысы» және жорға жа¬рысына Ақсу ауданынан бөлек, Сарқан, Ескелді, т.б. аудандар¬дан сәйгүліктер қосылды.
Нәтижесінде тай жарысынан егінсулық Құмарғали ақсақалдың тайы І орын алса, Төралы ағамыздың тайы ІІ орында мәре сызығын кесті. Сарқан ауданы¬нан Марат деген атбегінің тайы ІІІ орынды иеленді.
Құнан бәйгеден Тарас ауылы¬нан Мақашев Төлеген атамыздың жүйрігі І орында, сарқандық Қырықбай ағамыздың құнаны ІІ орында, ал, Сарөзектен келген Абдырахман мырзаның сәйгүлігі ІІІ орында топ жарып келді.
Топ бәйге тіпті дүбірлі бол¬ды. Жақсы ат иесінің атын шығарады дегендей жүлделі І орынды Қаракемер ауылынан Еркебұлан Жұмаділдің сәйгүлігі иеленсе, Тарас ауылынан тағы да Мақашев Төлеген атамыздың жүйрігі үзеңгі қағыстыра ІІ орын¬ды қанжығалады. ІІІ орын алған ат иесі Берік, бапкері Аян мырза.
Аламан бәйгеден Бас жүлде Ескелді ауданынан келген Ақбіленов Ақылбай ақсақалдың баптаған сәйгүлігі шашасына шаң жұқпай, топ жарып І орында мәре сызығын кессе, ІІ орында Айбек Досаевтың жүйрігі құйрық тістесе мәреге жетті. Жүлделі ІІІ орын Сарөзектен келіп ат қосып отырған Абдырахман мырзаның тұлпарына бұйырды.
Құрбан айттың алдында бір күн бұрын мереке қарсаңында Кеңжыра ауылында Алланың жердегі үйі мешіт ашылды. . Мешіт – мұсылманның Жара¬тушысына құлшылық жасап, тәубеге келер, жанына жара салған хакім Абай айтқандай «қияметшіл дүниенің» кірінен тазарып, бар арман, үмітінің ақталуын тілеп, дұға жасайтын қадірлі үйі.
Ал, мешіттің қабырғасынан діни уағыз тыңдап, білімін жетілдіріп, сауатымды арттыра¬мын, ұстаздан тәлім аламын де¬ген мұсылмандар үшін – тәрбие ордасы. Иә, қоғамда бай адамдар көп, бірақ бәрі бірдей мешіт сала бермейді. Осындай іс еліміздің нағыз азаматтарының қолынан ғана келеді. Бақуатты адам¬дар көбейсе, елге құт қонғаны, мешіттер көбейсе дініміздің діңгегі нығайғаны. Бұл адамдар азғындықтан сақтанып, жастар жамандыққа баспайды, халық ғибратты өмір сүреді деген сөз.
Туыңды туған жеріңе тік деген¬дей, Кеңжыра ауылдық мешітінің жаңа ғимаратының ашылуына мұрындық болып отырған Дау¬летбаев Марат Абдрахманұлы бауырымыздың және оның отбасының туған ауылының тұрғындарын бес уақыт намазға шақырып, имандылыққа баули¬тын имандылық үйін салдырып беруі ұлағатты істердің біріне саналады. Қабдырахман Аб¬дырахман әулеті ескерткіш тақтаны салтанатты түрде ашты. Мұсылмандардың ұлық мерекесі Құрбан айттың қарсаңында бой көтеріп, пайдалануға берілген мешіттің ашылу салтанатына аудан әкімі Базарханов Есім Сейілханұлы, аудандық мешіттің бас има¬мы Мәнбетов Анарбай Тасболатұлы арнайы келіп, ау¬дан және ауыл жұртшылыған құттықтау сөздерін сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді.
Иә, елім деген ерлер бас¬шы болып, ел қосшы болып бауырлас ниет, мейірім ізетпен ірге тасы қаланған керемет көз тартар мешіт үйіне қарап тұрып Алла Алаштың балаларын осындай ынтымақ бірлігінен айыра көрме деп тілек тілейсің.
Берекелі ел биік шыңды да, ұшар құзды да бағындыра ала¬ды деген осыдан шықса керек.
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Ербол СЫМХАНОВ.
{gallery}aksu17{/gallery}