https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/aksu15
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/aksu15

Ақсу: Аудан имамы 66 оқушыға қуаныш сыйлады

25 Aug 2019 0 comment Оқылды: 434 рет

Ауданымыздың орталық мешітінің Бас имамы сенбі күні жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектеп сөмкесі» қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, көп балалы аналардың балаларына қуаныш сыйлап, білім іздеген бүлдіршіндерге көмек көрсетті. Өйткені, Ислам дінінде білімге, оқуға өте қатты көңіл бөлінеді. Құранда ең алғашқы аят «оқы» деп түскен.
Қайырымдылық шараларының қара шаңырағына айналған орталық мешітінде өткен іс-шара аясында 66 оқушыға, оқуға қажетті құрал-жабдықтар салынған 66 сөмке таратылды. Онда ауданымыздың 3 мектебінен, яғни Сәтбаев атындағы орта мектеп – гимназиясынан, Сыдықов атындағы орта мектептен, Сиқымов атындағы орта мектеп – интернатынан және Көкөзек ауылындағы Терібаев атындағы орта мектептен келді.
Іс-шараға аудандық орталық мешітінің Бас имамы Манбетов Анарбай Тасболатұлы мырза құттықтау сөз сөйлеп, асыл дініміздегі оқу-білімнің орны жайлы айта келе, жас бүлдіршіндерді оқуда озат болуға шақырды.
Көмек алған барлық оқушылардың ата-аналары мен ұстаздары шараны ұйымдастырған Бас имам Анарбай Тасболатұлына шексіз алғыстарын жеткізді.
Алла баршамызға екі дүниенің пайдалы ілімін нәсіп етсін!

Ләззат ҚАСЫМБЕКОВА.

{gallery}aksu15{/gallery}

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз