ҚМДБ-ның "ЕЛ ҮЛЕСІ ПӘТЕРГЕ" қайырымдылық жобасы аясында Алакөл ауданы Қабанбай ауылында жалғыз басты, жеті баланың анасы Мақпал Хайдарқызына үш бөлмелі баспананың кілті табысталды.
Бұл ауданымыз бойынша табысталып отырған үшінші, ал еліміз бойынша 116-шы баспана болып отыр.
Үйдің бағасы бір миллион теңгені құрады.
Қайырымдылық шараға атсалысқан барша жанға Алла разы болсын!
Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші әлі де көпшілік болып баспанасы жоқ жанұяларға бірге қуаныш сыйлайық.
{gallery}alakol12{/gallery}