Ағайын арасындағы татулық пен сыйластықты арттыра түсетін қасиетті Құрбан айт мерекесінде ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша «Зекет» қоры «Ел үлесі - пәтерге» жобасы аясындағы 117-ші баспананы табыс етілді.
Нақтырақ айтсақ, бұл жолғы баспана Алматы облысы, Ақсу ауданы, Көшкентал ауылындағы үш қыз тәрбиелеп отырған жалғызбасты мүгедек ана – Шахан Әуешке бұйырды.
Пәтер кілтін Ақсу ауданының бас имамы Анарбек Тасболатұлы өз қолымен табыстады. Жақсылықтың жаршысы болып, игі іске атсалысқан ағайынға Алланың нұры жаусын!
{gallery}el-ulesi-1{/gallery}