Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Алла Тағалаға қаланың өте жақсы орындары – мешіттері. Ал, қаланың өте жаман орындары – базарлары»,-дейді. Мешіт – мұсылманның Жаратушысына құлшылық жасап, тәубеге келер, жанына жара салған хакім Абай айтқандай «қияметшіл дүниенің» кірінен тазарып, бар арман, үмітінің ақталуын тілеп, дұға жасайтын қадірлі үйі. Ал, мешіттің қабырғасынан діни уағыз тыңдап, білімін жетілдіріп, сауатымды арттырамын, ұстаздан тәлім аламын деген мұсылмандар үшін – тәрбие ордасы.
Сондай – ақ, осы бір күллі мұсылманды төрт қабырғаға сыйдырған Алла үйі Кеңжыра жерінен бой көтерді. Қабдырахман Абдырахман әулеті ескерткіш тақтаны салтанатты түрде ашты. Мұсылмандардың ұлық мерекесі Құрбан айттың құрметіне ашылу салтанатына аудан әкімі Базарханов Есім Сейілханұлы, аудандық мешіттің бас имамы Манбетов Анарбай Тасболатұлы арнайы келіп, аудан және ауыл жұртшылығана құттықтау сөздерін сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді.
Иә, елім деген ерлер басшы болып, ел қосшы болып бауырлас ниет, мейірім ізетпен ірге тасы қаланған керемет көз тартар мешіт үйіне қарап тұрып Алла Алаштың балаларын осындай ынтымақ бірлігінен айыра көрме деп тілек тілейсің. Берекелі ел биік шыңды да, ұшар құзды да бағындыра алады деген осыдан шықса керек.
{gallery}aksu14{/gallery}