https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/seminar1
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/seminar1

Имамдардың білімін жетілдіруге бағытталған оқу-семинары өтуде

18 Шілде 2019 0 comment Оқылды: 359 рет

ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша өкілдігі мен Алматы облысының дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Текелі қаласында Талдықорған өңірі имамдарының біліктілігін арттыру бойынша оқыту курсы өтуде. Аталған оқыту семинары 3 күнге созылмақ.

Оқу курсының мақсаты - діни сенім бостандығын қамтамасыз етудегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарынан ақпарат беру, Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң талаптары мен дін саласын реттеуге бағытталған өзге де заңнамалық актілерді орындау бойынша өңірлерде туындайтын мәселелерді жете түсіндіруде жергілікті биліктің үйлесімді қызметі, сонымен қатар имамның тұлғасы, мешіттерде діни білім беру мәселесі жайында болмақ.

«Діни экстремизм мен терроризм алдын алу мәселелері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу» тақырыбында үш күндік оқыту курсына 70 имам қатысуда. Арнайы профессорлармен бірге дін ғалымдары имамдарымызға заңнан басқа, фиқһ, төрт бағыт, ақида салалары бойынша білім беруде. Білім алумен қатар имамдарымыз дайындалған жоспар бойынша күнделікті жаттығу жасап, табиғат аясында серуендеуде, кешкі уақыттарда ұстаздарымыздың уағыздары мен спорттық шаралар ұйымдастырылуда.

{gallery}seminar1{/gallery}

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз