https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/alakol5
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/alakol5

АЛАКӨЛДЕ АЛҒАШҚЫ НАМАЗХАНА АШЫЛДЫ

05 Шілде 2019 0 comment Оқылды: 500 рет

Аллаға шүкір, бүгін Алматы-Өскемен тас жолы бойындағы Алакөл ауданына қарасты Шеп бекеті орналасқан айналма жолдың жанында намазхана ашылды.
Намазхана болса деген көп жолаушылардың өтініші еді, сондай-ақ, Талдықорған өңірінің өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлының арнайы тапсырмасы негізінде "Салихалы ұрпақ" қоғамдық қорының директоры Қасабек Қасым мырзаға арнайы жолаушыларға арналған намазхана қойып беруін сұрап, өтініш білдірген едім. Нәтижесінде өтінішімді қабыл алып, тез арада уәдесін орындап, намазхана қойып берді. Бүгін Қасым мырза арнайы өзі келіп, намазхананы ашып, тапсырып берді.
Енді жолаушылар қыстың суығында жылы, жаздың ыстығында салқын жерде намаздарын алаңсыз оқитын болды. Өйткені бұл намазхананың іші-сырты арнайы қысқы суыққа қарсы қапталып жасалған.
Қасабек Қасым мырзаға жамағат атынан үлкен алғысымды білдіремін. Алла разы болсын!
PS: Салихалы ұрпақ қоғамдық қоры алдағы уақытта еліміз бойынша жол бойына осындай намазханалар қойсақ деген жоспарда екен. Алғашқы болып бісмілләсін біздің Алакөлден бастағанына қуаныштымыз.

{gallery}alakol5{/gallery}

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз